"Народ — это второе имя бога! Народ — это сила! И никакая армия и полиция не сможет его остановить, если он проявит свой гнев и характер", - пишет в своем новом обращении к бастующим нефтяникам Мангистау Мухтар Аблязов. Текст - правда, только на казахском языке - появился на этой неделе на форумах в интернете, в том числе на Zonakz.net.
Қасиетті Маңғыстау елінің күрескерлері!
Әділдік пен шындықты ту еткен Сіздердің ереуілдеріңіз үш жарым айға созылды. Еңбек дауынан туындаған ереуілдің осынша ұзақ уақытқа созылуы Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде некен саяқ кездесетін құбылыс.
Биліктің қысымына, оның арандату әрекеттеріне қарамастан Сіздер ереуілді тоқтатпадыңыздар. Бұл Маңғыстау халқының өр мінезділігін, төзімділігі мен теңдессіз батылдығын айқын паш етеді!
Десек те, халыққа қарсы ашық майданға шыққан қылмыскер режим Сіздерге бірнеше ауыр соққы берді. Сіздердің жағыңызға шығып, елдік мүддені қорғаған тұлғаларды Ақорда қатаң жазалады: заңгер Наталья Соколованы алты жылға бас бостандығынан айырды, Жаңаөзен мұнайшыларының көшбасшысы Ақжанат Аминовты екі жылға шартты түрде жазалады, енді, міне, мұнайшылар белсендісі Наталья Ажиғалиеваны он бес тәулікке абақтыға жапты. Сіздердің мүддеңізді республикалық және халықаралық деңгейде қорғап жүрген «Халық майданы» қозғалысының мүшесі, жас саясаткер Жанболат Мамайды да биліктің он тәулікке түрмеге заңсыз қамағанын білесіздер. Халықтың арасында үрей туғызып, оны тізе бүктіргісі келген билік мұнымен де шектелген жоқ. «Қорыққан бірінші жұдырықтайдының» кебін киген қандықол режим кәсіподақ жетекшісі болып сайланғалы отырған Жақсылық Тұрбаев пен мұнайшылар белсендісінің қызы Жансәуле Қарабалаеваны азаптап өлтірді.
Сіздер бұл азаматтарды қандықол қарақшылар мен олардың қуыршақ соттарының жазасынан қорғай алмадыңыздар. Сіздердің жағыңызға шығып, басын қатерге тіккен азаматтарды белсенді түрде қорғау керек! Қашанғы бір — біріңізді биліктің бұралқы иттері мен төбеттерінің талауына беріп отырасыздар?! Бүгіндері қауіп — қатер әрқайсыңыздың басыңызға төнді. Кеше Халық күресінің көшбасшыларын жазаласа, ендігі кезек қатардағы күрескерлерге де жетті. Режим «бөліп ал да, билей бер» ұстанымын жақсы меңгерді. Егер бір біріңізді қорғамай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршілік танытпасaңыз, онда бұл күрес те қылмыскер режимнің пайдасына шешілері сөзсіз.
Халықты басып, оны режимнің басыбайлы құлы еткісі келген билікті қалай жеңу керектігін қырғыз ағайындар айқын көрсетті. Олардың жеңісінің құпиясы неде? Мұздай қаруланған, алдын ала дайындықтан өткен күштік құрылымдардың халыққа шамасы неге жетпеді? Себебі, халық ауызбіршілік танытты. Олар өз көшбасшыларын авторитарлы биліктің талауына берген жоқ! Өткен жылы жеңіске жеткен қырғыз төңкерісі неден басталды? Авторитарлы режим мен диктатура қылмысына қарсы бас көтеруден. Құрманбек Бакиев режимі тәуелсіз журналистер мен қоғам қайраткерлерін қудалады, оның ішінде «Стан тв» (С іздерге жан жақты ақпараттық қолдау білдіріп жүрген «К плюс» арнасының әріптес компаниясы) ақпараттық порталының қызметкерлеріне қысым көрсетті, одан соң қырғыз оппозициясының жетекшілерін тұтқындады. Қолдарына түскен затпен қаруланған қалың бұқара оппозиция жетекшілері қамалған түрмелерді қиратты, тар қапастағы көшбасшыларын бостандыққа шығарды. Осылайша, қырғыз халқы авторитарлы режимнің күлін көкке ұшырды.
Маңғыстаудағы қазіргі жағдай бір жыл бұрынғы Қырғызстанға өте ұқсас. Билік Соколованы неге соттады? Ол кінәлі болып, «әлеуметтік араздықты» қоздырғаны үшін бе? Жоқ! Сіздерді сынау үшін осындай қадамға барды. «Халық не істей алар екен? Бұлар өз көшбасшыларын қорғай алатын тегеурінді күш пе, әлде құр даурыққан тобыр ма?» деген сұраққа жауап алғысы келді. Билікке, президентке, оның күйеу баласына Соколованы босатуды сұрап не үшін хат жазасыздар? Заңгерді қамап отырған сол биліктің өзі емес пе? Наталья Соколова мен Ақжанат Аминовты қамағанда және бейбіт адамдарды өлтіргенде Сіздердің әрекетсіздігіңізді байқаған билік басқа да көшбасшыларға қарсы жазалау науқанын бастады. Осы арқылы Ақорда Сіздердің рухыңызды жаншығысы келді. Егер жеңіске жеткіңіз келсе, биліктің заңсыз әрекетіне тоқтау салатын кез жетті! Бірігіңіздер! Соколова мен Ажиғалиеваны босатуды талап етіңіздер! Биліктің төбеттері Сіздерді түрменің алдында автомат, қару жарақ асынып қарсы алары сөзсіз. Одан да қорықпаңыздар! Олар халыққа оқ ата алмайды! Халық құдайдың аты. Халық алапат күштің иесі. Егер халық көтерілсе, ешқандай әскер мен полиция оны тоқтата алмайды.
Ала жаздай аптап ыстықтың астында отырдыңыздар. Енді, міне, елге қара күз де келді. Жауын шашын, суықтар басталады. Енді күтетін не қалды? Қимылдаңыздар! Алға қарай ұмтылыңыздар! Абақтыдағы көшбасшыларды босатыңыздар! Халықты керек етпейтін биліктің Сіздерге керегі бар ма? Егер керегі болмаса, оны ауыстырып, Халықтық билік орнатыңыздар! Әрине, бұл оңай іс емес. Бірақ, «көз қорқақ, қол батыр» деген сөзі бар халқымыздың. Үрейді жеңіп, әрекет ететін кез келді.
Әділдік пен шындық Сіздердің жағыңызда! «Аққа құдай жақ» дейді қазақ атамыз.
Құрметпен, Қазақстан Республикасының Азаматы Мұхтар Әблязов
19.09.2011
Ниже предлагаем перевод этого обращения, сделанный силами редакции. Заранее просим извинения за то, что не вседа выдержана стилистика.
Борцы священной земли Мангистау!
Более трех месяцев длится Ваша борьба за справедливость. Не только в Казахстане, но и во всем мире редко проходят такие продолжительные забастовки. Несмотря на различные провокации и беспрецедентное давление властей, Вы не сдались и не опустили руки. Это, бесспорно, служит всему народу примером мужества и твердости духа!
Преступный режим нанес Вам несколько сильных ударов. Борцы, которые встали на Вашу сторону и защишали права простого народа, были жестоко наказаны: юриста Наталью Соколову приговорили к шести годам лишения свободы, лидеру нефтяников Жанаозена Акжанату Аминову дали два года условно, лишили его здоровья, и вот теперь активистку забастовки нефтяников Наталью Ажигалиеву осудили на пятнадцать суток.
Вам также известно, что молодой политик, член «Народного фронта», зашищающий Ваши интересы на республиканском и международном уровне, был отправлен за решетку на десять суток. Но власть на этом не остановилась. Этот преступный режим пошел даже на убийства: жестоким образом были убиты молодой нефтяник Жаксылык Турбаев, который должен был возглавить профсоюз, и дочь активиста забастовки нефтяников Жансауле Карабалаева. Вам не удалось защитить их от режима.
Но граждане, которые вышли на Вашу сторону и, которые, тем самым подвергают свои жизни опасности, нуждаются в активной защите! И именно в Вашей защите! Сколько же можно терпеть и смотреть, как власть расправляется с Вашими активистами? Сегодня уже черные тучи нависли не только над лидерами забастовки, но и над всеми вами. Если вчера они ограничивались наказанием лидеров забастовок, то завтра очередь дойдет и до Вас, рядовых забастовщиков. Режим хорошо освоил тактику «разделяй и властвуй» и ловко пользуется ею. Если сейчас Вы не проявите солидарности и организованности, то, без сомнений, забастовка решится в пользу преступного режима.
Ситуация в Мангистау очень схожа с тем, что происходило год назад в Кыргызстане. Почему власть арестовала Соколову? Разве она действительно виновна в «разжигании социальной розни»? Нет! Это был «тест» народного гнева. Проверка, чтобы узнать, представляют ли забастовщики единую и серьезную силу, способны ли они организовать защиту своим лидерам или это просто толпа, не способная ни на что. Нет смысла писать письма в адрес президента и его зятя с просьбой освободить Соколову! Они посадили юриста не для того, чтобы освободить ее!
Увидев неспособность защитить Соколову и Аминова и ответную реакцию на убийства мирных граждан, власти начали массовые репрессии в отношении других лидеров. Это — приемы «Ак орды», направленные на то, чтобы сломить Ваш дух. Если Вы хотите победить, то пришла пора остановить незаконные действия власти!
Объединяйтесь! Добейтесь освобождения Соколовой и Ажигалиевой! Народ должен встать горой на их защиту. Конечно, цепные псы режима будут ждать Вас. Но не надо их бояться! Они не смогут стрелять в народ! Народ — это второе имя бога! Народ — это сила! И никакая армия и полиция не сможет его остановить, если он проявит свой гнев и характер.
Целое лето Вы провели под палящим солнцем. Наступила осень — не за горами дожди, холода. Чего ждать теперь? Действуйте! Идите вперед! Освободите своих лидеров! Разве Вам нужна антинародная власть? Если не нужна, так меняйте же ее и установите Народную власть! Да, это нелегко. Казахи говорят: «Көз қорқақ, қол батыр» («глаза боятся, а руки делают»). Но пора победить страх и действовать.
Справедливость и правда на вашей стороне! «Аққа құдай жақ» гласит народная мудрость («Бог на стороне праведного»).
С уважением, гражданин Республики Казахстан Мухтар Аблязов
19.09.2011
Комментариев нет:
Отправить комментарий